Германияда Иран азаматтары адам улайтын заттармен ұсталды

Германия полициясы елді уламақ болған екі қаскүнемді ұстады.

Оның бірі Иран азаматы. Алдын ала мәлімет бойынша екіншісі оның бауыры болуы мүмкін. Тексеріс кезінде олардың үйінен қауіпті заттар цианид пен рицин табылған. Осыдан 4 жыл бұрын Германияда осындай жағдайда Тунис азаматы қамауға алынған еді. Ол әйелі екеуі қолдан рицин жасап, оның әсерін тексеру үшін жарылыс ұйымдастырған. Абырой болғанда, ол кезде ешкім зиян шеккен жоқ. Бірақ сарапшылардың пайымдауынша, ерлі-зайыптылардың бұл әрекетінен 13 мың адам мерт болуы мүмкін еді.