Қытайда коронавирусқа қарсы шектеулер алынды. LIVE

Қытайда коронавирусқа қарсы барлық шектеулер алынып тасталды. Елде барыс-келіс қайта жанданды. Осыған орай Шанхай әуежайы алғашқы халықаралық рейсті қабылдады.

Алайда, Қытайдың өзге өңірлерінде жағдай әлі де болса қиын.

Бейжіңге қатысты айтатын болсақ мұнда жағдай желтоқсан айынан бастап ушығып кеткен еді. Дерт шаһар тұрғындарының көбі дендеді десе болады. Бірақ өткен айдың соңына қарай ахуал жақсарды. Қазір қала көшелерінде адам қарасы көбейгенін байқауға болады. Бірақ Бейжіңнен басқа кей аймақтарда індеттің таралуы енді-енді бәсеңдеп жатыр. Десе де кеселден қайтыс болып жатқан адамдар әлі де бар. Әсіресе қарт адамдар арасында өлім-жітім көп. Сондықтан қазір онлайн медицина қызметіне жүгінушілер қарасы қалың. Осындай жағдайда кеше елде коронавирусқа қатысты барлық шектеулер алынып тасталды. Шекаралар ашылып, жергілікті азаматтар соңғы 3 жылда алғаш рет шетелге шығуға мүмкіндік алды. Осымен қатар шетелден қайтқан азаматтарға қолданылған карантин да жойылды. Бұл режимді бұзғандарды қылмыстық жазаға тарту да тоқтатылды. Қытайда қазір алдағы дәстүрлі жаңа жыл мерекесіне орай ел ішінде тұрғындардың жаппай қыдыра бастады. Жұртшылықтың ел аумағында саяхаттауы ақпанның 15-іне дейін созылады. Билік биыл мереке кезінде 2 млрд адам сапар шегеді деп болжап отыр. Сондықтан ауылды жерлерде індеттің ушығу қауіпі жоғары. Осыған байланысты халық арасында дертті жұқтыру қауіпі жоғары қарттар, жүкті әйелдер азаматтарды бақылуды күшейтуді ұсынып отыр.