Шанхай әуежайы алғашқы халықаралық рейсті қабылдады

Бұл коронавирусқа қатысты шектеу шаралары жеңілдегеннен кейін ғана мүмкін болды.

Ұшақ Жаңа Зеландиядан ұшып келген. Оның бортында 280 адам болған. Барлығы 48 сағат бұрын ПТР-тест тапсырған. Айта кеткен жөн, Қытайда кешеден бастан сырттан келгендер міндетті карантиннен босатылды. Бірақ елде эпидахуал ушығып тұр. Ал шетелдік сарапшылар жағдай бұдан да күрделі болуы мүмкін дейді. Олар биліктің келтіріп отырған ресми статистикасына күмәнмен қарайды. Сол себепті бірнеше мемлекет Қытайдан келгендер үшін міндетті карантин енгізді.