Түркия Швецияның НАТО-ға мүше болуы үшін орындалмайтын талаптар қойды

 Мұндай мәлімдемені осы елдің Премьер-министрі Ульф Кристерсон жасады.

Анкара Стокгольмнен Күрдістан жұмысшы партиясымен байланысты содырларды және 2016-шы жылы мемлекеттік төңкеріс жасағандарды сұрап отыр. Түркия Финляндияға да дәл осындай талаптар қойған. Швеция мен Финляндия НАТО-ға ену туралы шешімді Ресейдің Украинаға шабуылынан кейін қабылдады.

Ульф Кристерсон, Швеция Премьер-министрі:

- Біз уәдемізде тұрдық. Бірақ Түркия орындай алмайтын және біз орындағымыз келмейтін мәселелерді шешуді сұрап отыр. Сондықтан ендігі шешімді Анкара қабылдауы керек.