Канада Ираннан дауды шешуге шақырды

Канада Ираннан дауды шешуге шақырды

Канада, Иранды 3 жыл бұрын Тегеран түбінде атып түсірілген жолаушылар ұшағына қатысты дауды арбитраждық сот арқылы шешуге шақырды.

Бұл туралы Осы елдің Премьер-министрі Джастин Трюдо мәлімдеді. Егер Иран оқиғаға байланысты жауапкершілікті мойынына алмай, өтемақы төлеуді соза берсе халықаралық сотқа шағымданатынын ескертті. 2020-шы жылы 8-ші қаңтарда Тегераннан ұшып шыққан Украина әуе жолдарының ұшағына 2 зымыран тиіп, апатқа ұшыраған еді. Әуе кемесінде 176 жолаушы болған. 3 күннен кейін Иран оны өзінің әуе күштері байқаусызда атып түсіргенін мойындайды. Бірақ жауапкершілікті арқалаудан бас тарқан.

Джастин Трюдо, Канада Премьер-министрі:

- 2 апта бұрын біз Иранды арбитраж сотына тарту ісін бастадық. Бұл мәселеде Ұлыбритания, Швеция және Украинамен бірлесіп әрекет етіп жатырмыз. Егер Иран билігі халықаралық келісім-шартқа сай арбитраждық сотқа жүгініп, өзіне алған міндеттерді орындамаса біз 6 айдан кейін бұл істі халықаралық сотқа жолдаймыз.