Синдзо Абэні өлтірген адамның есі дұрыс екендігі анықталды
Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэні атып өлтірген күдіктінің есі дұрыс.
Бұл жүргізілген психиатриялық сараптаманың нәтижесінде анықталды. Тецуя Ямагами жабық медициналық мекемеден Нара қаласының полиция түрмесіне ауыстырылды. Ол енді «кісі өлімі» және «қаруды заңсыз иеленгені үшін» сот алдында жауап береді. Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың 8 шілдесінде сайлауалды митингіде сөз сөйлеп тұрған Синдзо Абэ көпшіліктің алдында оққа ұшты. Саясаттанушының Жапонияны дамытуға қосқан үлесі орасан.