Ташкент қар құрсауында қалды. LIVE

Қала көшелерінде кептеліс туындап, көлік қозғалысы қиындап жатыр.

Кей аудандар тіпті жарықтан қол үзген. Қазір ел астанасындағы жағдай тек коммуналдық мекеме қызметіне байланысты.

Музифа Сұлтанова, Өзбекстан Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі:

- Жол қозғалысы департаменті ақауы бар көлікпен жолда жүрмеуге шақырады. Әрі тек қыс мезгіліне арналған дөңгелектермен жүруді ұсынады. Жылдамдықты рұқсат етілген мөлшерден асыруға қатаң тыйым салынады. Арақашықтық сақталмаса да жүргізушілер жауапкершілік арқалайды.