Ресейде шағын ұшақ апатқа ұшырады

Ресейде шағын ұшақ апатқа ұшырады

Ресейдің Ненец автономды округінде "АН-2" ұшағы құлап, 2 адам қаза тапты.

Тағы 10 кісі түрлі жарақат алды. Оқиға Каратайка ауылының маңында болды. Төтенше жағдай кезінде әуе бортында жалпы 2 экипаж мүшесі мен 10 жолаушы болған. Апатттың себептері анықталып жатыр. Оған аяздан әуе көлігі бортының мұз болып қатып қалуы әсер еткен деген болжам бар.