Сириядан Түркия әскерін шығаруды талап етті

Түркия Сириядағы әскери әрекетін толық тоқтатсын. Сирияның Сыртқы істер министрі Фейсал Микдад осылай деп мәлімдеді.

«Екі ел арасындағы қалыпты қарым-қатынас оккупация тоқтағанда ғана орнайды», - деді ол.

Еске салайық, Сириядағы 12 жылдық қақтығыс кезінде Түркия оппозицияны қолдады және елдің солтүстігіндегі аймаққа өз әскерін енгізді. Ал Башар Асадтың негізгі одақтасы – Ресей Анкара мен Дамаск арасындағы қатынастың реттелгенін қалайды.

Фейсал Микдад, Сирияның сыртқы істер министрі:

- Оккупацияны жоймай, терроризмді тоқтатпай және қарым-қатынасты бастапқы күйіне қайтармай біз Түркиямен қалыпты байланысты қалпына келтіру туралы ештеңе дей алмаймыз.