Израильде 80 мыңға жуық адам ереуілге шықты

Қыстың суық жаңбырына қарамастан, 3 ірі қалада олар бірнеше сағат бойы қолшатырмен жүріп өтті.

Халық Премьер-Министр Беньямин Нетаньяхудың сот реформасына қарсы. «Жүйеге енетін өзгерістер сот құқығын шектейді, ал бұл демократиялық билікке нұқсан келтіреді», - дейді тұрғындар. Қарсы болғандар қатарында Жоғарғы Соттың Төрағасы және елдің бас прокуроры бар. Ал Парламенттік көпшілік пен Діни-ұлтшыл коалицияны басқарып отырған Нетаньяху алтыншы мерзімге жуырда ғана сайланды. Сарапшылардың айтуынша, ұсынылған реформалар сот жүйесінің тәуелсіздігіне нұқсан келтіреді және сыбайлас жемқорлықты дамытады.

Сондай-ақ...