АҚШ президенті Джо Байденнің үйінен тағы бірнеше құпия құжат табылды

Бұл туралы Ақ үйдің заң кеңесшісі Ричард Заубер мәлімдеді.

Аптаның ортасында Әділет министрлігіне «құпия» белгісі бар алғашқы табылған қағазды тапсыруға дайындық кезінде заң кеңесшісі тағы бірнеше құжатты анықтаған. Олардың барлығы Джо Байден Барак Обаманың вице-президенті қызметін атқарған кезеңде жинақталған. Ал Президенттің өзі бұл қағаздардың мазмұны туралы білмейтінін айтып, таң қалды.

Ол құпия құжаттарды сақтау ережелерін бұзғаны үшін Конгресс тергеуіне іліккенін еске саламыз. СNN-ның хабарлауынша, құжаттарда Украина, Иран және Ұлыбритания жайлы 2013-2016 жылдардағы құпия деректер жазылған.