Қытайда ЖІӨ 3%-ке өсті
Қытайдың мемлекеттік статистикалық бюросы 2022 жылғы ел дамуының негізгі экономикалық көрсеткіштерін жариялады.
Елдің Жалпы ішкі өнімі 3%-ке өсіп, 121 трлн юаньнан асып түсті. Бұл – 17 трлн 800 млрд доллармен шамалас сома. Аталмыш көрсеткіш Дүниежүзілік банк болжамынан 0,3%-ке артық. Дегенмен үкімет көздеген 5,5%-тен әлдеқайда төмен болып шықты.
Кан И, ҚХР мемлекеттік статистикалық басқармасының жетекшісі:
- Ішкі экономикаға коронавирустың жиі өршуі мен жаздағы аптап секілді алуан түрлі факторлар әсер етті. Дегенмен Қытайдың Жалпы ішкі өнімі алғаш рет 121 трлн юаньға жетті. Бұл көрсеткіш бойынша әлемде екінші орындамыз. Ал жан басына шаққанда Жалпы ішкі өнім 2 жыл қатарынан 12 мың доллардан асып түсті.