Босфор бұғазымен кемелердің жүруі қайта қалпына келді
Кеше Украинадан Ыстамбұлға бет алған жүк кемесі қайраңға тұрып, онымен қатынау уақытша тоқтатылған еді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Құтқару операциясы бірнеше сағатқа созылып, кеме қайраңнан шығарылған. Төтенше жағдай кезінде ешкім зардап шекпеген. Қоршаған ортаға да зиян келмеген.