АҚШ-та тағы да атыс болды

Флорида штатындағы Форт-Пирс қаласында атыс болып, 8 адам жараланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл оқиға жергілікті саябақта Мартин Лютер күнін атау рәсімі кезінде болған. Жараланғандардың біреуі ауыр халде жатыр. Полиция атысқа не себеп болғанын және қылмыскердің ұсталған-ұсталмағанын хабарлаған жоқ. Калифорния штатында да осындай оқиға болды. Жекеменшік үйде болған атыстан 6 адам қаза тапқан. Арасында кішкентай бала мен анасы бар. Полиция күдікке түскен 2 адамға іздеу жариялады. Жалпы қару ұстауға рұқсат етілген АҚШ-та мұндай оқиғалар жиі болып тұрады.