Еуроодақ елдерінде дәрі-дәрмек жетіспей жатыр

Еуроодақ елдерінде дәрі-дәрмек жетіспей жатыр

Антибиотиктер, тұмау мен респираторлық ауруларға қарсы препарттара және балаларға арналған дәрінің кейбір түрі тапшы.

Дәрігерлердің айтуынша, коронавирус пандемиясынан кейін халықтың иммунитеті әлсіреп, жұрт әдеттегіден жиі аурытан болған. Бұған инфляция да кесірін тигізді. Мәселен Испанияда былтыр инфляция деңгейі 38%-ке жетті. Осыған байланысты Еурокомиссия наурыз айында Одаққа бірыңғай фармацевтика жөнінде заңнаманың нұсқасын дайындауға тиіс. 

Стелла Кириакидес, Еуроодақтың денсаулық сақтау бойынша комиссары:

- Респираторлық аурулар кең тарап, дәрі-дәрмекке сұраныс күрт артты. Ал оны өтеуге өндірістің қуаты жетпей жатыр. Фармацевтика мәселелері ұлттық деңгейде шешілетін болғандықтан, одаққа мүше елдердің үкіметтері тиіст шаралар қабылдауға кірісіп кетті.