Жаңа Зеландия Премьер-министрі аяқ астынан қызметінен кететінін жариялады

Соңғы алты жыл елді басқарып келген 42 жастағы Джасинда Ардерн қатты шаршағанын жасырған жоқ.

Ол 7 ақпанға дейін Лейбористтік партия басшысы қызметінен кететінін мәлімдеді. Алдағы күндері үзеңгілестері ізбасарын сайлауы керек. 2017 жылы 37 жасында Премьер-министр болып сайланған Джасинда Ардерн әлемдегі үкіметті басқарған ең жас әйел болды. 

Джасинда Ардерн, Жаңа Зеландия премьер-министрі:

- Кейінгі бес жылда талай сыннан өттік, мұны мақтан тұтамын. Алапат табиғи апат, әлемге тараған пандемия мен экономикалық дағдарысты көрдік. Сондықтан қиындықтан бас тартып отырған жоқпын. Осындай мәртебеге жеткенде, өз жауапкершілігіңді түсіне бастайсың. Бұл жұмыста қызметімді толық атқару үшін шама-шарқым жетпейтінін түсіндім.