АҚШ-та күдікті өзін-өзі атып тастаған

Калифорнияда ақ фургон көлігінде табылған мүрде кеше Монтерей-Парк қаласында адамдарға оқ жаудырған күдіктінікі болып шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тергеу оның 72 жастағы Ху Цан Тран есімді жергілікті азамат екенін анықтады. Ол тәртіп сақшылары көлікті қоршаған соң өзін атып тастаған.

Еске сала кетейік, кеше Монтерей-Парк шаһарында, қытай жаңа жылына арналған фестиваль кезінде атыс болып, 10 адам көз жұмды. Тағы 10-нан аса кісі жараланды. Осыдан кейін күдікті оқиға орынынан ізін суытады. Марқұмның мұндай әрекетке не үшін барғаны әлі белгісіз. Жергілікті Қытай сауда палатасы басшысының мәлімдеуінше, ол осы оқиғаға дейін әйелімен ұрысып қалған көрінеді.