Перуде автобус жардан құлады

Перуде автобус жардан құлап, 25 жолаушы қайтыс болды.

Тағы ондаған адам жарақат алған. Жүргізуші түнгілік уақытта жолдың қауіпті бөлігінде тізгінге ие бола алмай қалса керек. Перуде мұндай жол-көлік апаттары жиі болып тұрады. Өйткені жолдары мен көліктерінің сапасы сын көтермейді.