Испанияда $114 млн тұратын кокаин тәркіленді

Испанияда $114 млн тұратын кокаин тәркіленді

Испанияда ірі қара малды тасымалдауға арналған кемеде бағасы 114 млн доллар тұратын кокаин тәркіленді.

Есірткі тиелген кеме Того мемлекетенің байрағын көтеріп, Колумбиядан келе жатқан. Экипаждың 28 мүшесі қамауға алынды. Оларды құрықтау операциясын Испания полициясы тоголық әріптестерімен және АҚШ-тың есіртікімен күрес басқармасымен бірлесіп өткізді.