Еурокомиссия көші-қон саясатын жетілдіреді

Еурокомиссия, сондай-ақ, Еуропалық Одақ аумағындағы миграциялық саясатты жетілдіретін болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі ортақ аймақта заңсыз босқындар қарасы қайта өскен. Осыған байланысты Еурокомиссия шекараны заңсыз кескен мигранттарды елдеріне қайтару ісін күшейтуді ұсынып отыр. Мәселе 9-10 ақпанда өтетін саммит кезінде кеңінен талқыланады. Ал ресми мәліметке қарағанда, былтыр Еуроодақ аумағына 330 мың мигрант заңсыз кірген. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 64%-ке артық, - дейді сарапшылар.