Түркияда қаза тапқандар саны 12 мыңнан асты

Түркияда қаза тапқандар саны 12 мыңнан асты

Түркияда зілзаладан құрбан болғандар саны 12 мыңнан асты.

Жарақат алғандар қатары 63 мыңға жуықтады. Бұл туралы түрік елінің мемлекеттік «Анадолы» агенттігі мәлімдеді. Жалпы жер сілкінісінен 6 мыңнан аса ғимарат қирап, 13 миллионнан астам тұрғынға зардабын тигізді. Осының алдында елдің шығысында тағы 5,4 балдық зілзала болғанын хабарлаған едік. Жаңа табиғи апаттың ошағы 32 мың тұрғыны бар Бұланық қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 33 шақырым жерде тіркелген.