Түркияның Хатай қаласында 2 адам құтқарылды
Жойқын зілзала болған аймақта, іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Сарапшылар жер сілкінісінен бір апта өткеннен кейін, үйінділер астынан тірі қалғандарды табу мүмкіндігі төмендеді дейді. Дегенмен құтқарушылар үміт үзбейді. Бүгін олар Антакья қаласында 174 сағат бойы, көмек күткен әйелді қирандылар астынан шығарып алды. Ал Хатай қаласында 2 адам құтқарылды. Адиаман өңірінде де періштесі қаққан Мирай есімді 6-жасар қыз 178 сағат үйінді астында болған. Ал одан бір сағат бұрын тап осы қалада 35 жастағы ер адам дін аман табылды.