Алеппо тұрғындары саябақтарда тұрып жатыр
Жойқын зілзаладан зардап шеккен Сирия қалаларының тұрғындары далада қонуға мәжбүр.
Уақытша баспаналар жетіспегендіктен, адамдар саябақтар мен өзге де қоғамдық орындарды паналайды. Әсіресе табиғи апаттан Алеппо шаһары ауыр зардап тартты. Қала орталығындағы барлық үйлердің тас талқаны шығып, тұрғындардың көбісі баспанасыз қалды. БҰҰ-ның мәліметінше, жер сілкінісінің салдарынан, Сирияда 5 миллионнан аса адам өзге жерге көшті. Бұл елде опат болғандардың саны, төрт жарым мыңнан асты.