Түркияда құтқару жұмыстары жалғасуда. LIVE

Осыдан тура 10 күн бұрын Түркияда алапат жер сілкінісі тіркеліп, мыңдаған адамның өмірін жалмады.

Қазір кейбір қалаларда құтқару жұмыстары толық аяқталды. Дегенмен Хатай, Қаһраманмараш секілді ірі шаһарларда қирандылар көп болғандықтан  жұмыстар әлі де жалғасып жатыр.

Серкан Алыжы, қала тұрғыны:

- Қазір біз достарымызбен бірге қаладағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көмектесіп жүрміз. Көшеде қараусыз қалған дүкендер мен наубайханалар бар. Қол қусырып отырмай, елге пайдамыз тисін деген ниетіміз ғой.