Францияда зейнетақы реформасына қарсы петиция өтуде
Францияда зейнетақы реформасына қарсы петиция миллионнан аса адамның қолын жинады.
Сөйтіп ол елдегі ең ауқымды үш петицияның біріне айналды. Билік зейнетке шығу жасын 62-ден 64-ке дейін ұлғайту туралы бастаманы қаңтардың басында жария еткен. Алайда бұған тұрғындардың көбі қарсы. Сөйтіп қаңтардың басынан бері жалпыұлттық ереуілдер ұйымдастырылып келеді. Бүгін сондай бесінші ауқымды наразылық акциясы өту керек. Бұған дейінгі ереуілдерге миллионнан аса адам қатысқан. Салдарынан темір жол, қоғамдық көлік қозғалысы тежелген еді.