Германияда халық Мюнхен конференциясымен жағаласып шеруге шықты

Германияда халық Мюнхен конференциясымен жағаласып шеруге шықты. Полцияның дерегіне қарағанда орталық көшелерге 10 мыңға жуық адам жиылған.

Халық бұл конференция халықаралық саяси жанжалдарды одан әрі ушықтырады дейді. Шеруге жиылғандар арасында НАТО-ны сынаушылар, Киевке қару-жарақ жеткізуге қарсы топтар және Ресейді қолдаушылар да бар. Олар сонымен бірге Иранға қарсы ұрандар айтып, ереуілдер кезінде халықты қырған билікті айыптады. Иранда наразылық акциясы кезінде 500-ге жуық адам көз жұмған болатын. Ал Мюнхендегі қауіпсіздік конференциясына Иранның ресми билік өкілдері шақырылмаған. Тек азаматтық қауымдастық жетекшілері келген.