Жаңа Зеландияны «Габриэль» дауылы есеңгіретіп тастады

11 адам көз жұмған. Дауыл жүріп өткен аймақтарда мектептер, балабақшалар жабық.

Күре жолдардың біраз бөлігін лай басып қалған. Нейпир қаласында көп үйде жарық жоқ. Кей елді-мекендерге көлік қатынай алмайды. Шалғай жерлерге азық-түлікті тікұшақпен апарады.