Түркияның 2 өңірінде құтқару жұмыстары жалғасады

Түркияның 2 провинциясында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасады. Қалғандарында бұл жұмыс толығымен тоқтатылды. Мұны осы елдің төтенше жағдайлар агенттігі жариялады.

Зілзала ошағы болған Хатай және Кахраманмараш аймақтарында құтқарушылар үйінділерді аршып жатыр. Төтенше жағдайлар агенттігінің басшысы осы 2 өңірде шамамен 40 ғимараттың үйінділерден тазартылып жатқанын мәлімдеді.