Ericsson компаниясы 1 мың 400-ге жуық қызметкерін қысқартпақ

Эриксон компаниясы 1 мың 400-ге жуық қызметкерін қысқартпақ.

Мұндай шешімді кәсіпорын басшылары шығын көлемін азайту мақсатында қабылдап отыр. Мекеме жыл соңына дейін 860 млн доллар қаржы үнемдемек. Кейінгі 12 айда Ericsson компаниясының капитализациясы 33 пайызға кеміді.