Google компаниясы қызметкерлерін қысқартып жатыр
Мекеме басшылары Ирландияда 240 жұмыс орнын босатпақ, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл – жалпы компания қызметкерлерінің 5%-і. Жоспар бойынша қаңтар айынан бастап кәсіпорында 12 мыңдай қызметкер қысқарады. Бұған корпорацияның қатаң үнемдеу шаралары себеп. Google компаниясы Alphabet холдингінің құрамына кіреді. Мекеменің жалпы капитализациясы былтыр 28%-ке кеміген.