Германияны қымбатшылық қыспаққа алды
Қаңтардың қорытындысы бойынша, инфляция 8,7%-ке жеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».
Әсіресе азық-түлік пен энергия тасымалдаушылар қызметінің бағасы шарықтап барады. Былтырғы кезеңмен салыстырғанда тамақтың құны 37, ал газдікі - 52%-ке артқан. Украинадағы шиеленістен кейін Еуропаның көп елін қымбашылық жайлады. Германияда былтыр инфляция 7,9% болды. Бұл – бұрын-соңды тіркелмеген рекордтық көрсеткіш.