Кубада демографиялық дағдарыс мәселесі туындады
Кубада демографиялық дағдарыс. Елде бала туу көрсеткіші төмендеп, халық саны күн санап азайып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Ал бұл АҚШ санкцияларына ұшыраған экономикасы онсыз да тоқырауда тұрған елге қиын тиеді. Қазір Кубада 11 млн тұрғын тіркелген.
Кариб теңізінің халқы қартайып барады. Бұл құбылысқа билік өкілдері алаңдап отыр. Себебі, елде болашақта еңбек күші азайып, зейнетақы жүйесіне салмақ түсіп, қарттар үйлері көбейеді. Қазір Кубада орта есеппен әр отбасыда 2 баладан артық емес. Мұндай құбылыс Франция, Испания, Германия, Латын Америкада кездеседі, - дейді сарапшылар.