Лос-Анджелесте 85 мың үй жарықсыз қалды

АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында дауыл тұрып, шаһардағы автожолдарды су басты.

Ауа райының қолайсыздығынан қазір қоғамдық көлік қатынасы тұралап қалған. Электр сымдарының үзілуінен энергиямен байланысты қиындықтар да бар. 85 мың үй жарықсыз отыр. Синоптиктердің айтуынша, дауыл мұнымен аяқталған жоқ. Ол алдағы күндері де соғуы мүмкін. Болжам бойынша желдің екпіні сағатына 80 шақырымға жетеді.