Италия жағалауында мигранттар суға кетті

Италияның шығыс жағалауында мигранттар мінген кеме апатқа ұшырады.

Соның салдарынан 33 адам опат болды. Арасында балалар бар. Бұл туралы АНСА агенттігі ((ANSA)) хабарлады. Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, апат кезінде бортта 100-ден аса адам болған. Бәрі Иран, Пәкістан мен Ауғанстан елдерінің тумалары. Соның 40-ы ғана аман қалған. Осыған байланысты қазір аймақта құтқару-іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Жалпы апатқа нақты не себеп болғаны белгісіз. Кей басылымдар кеменің жағалау маңында қайырға отырып, кейін су түбіне кеткенін айтады.