Малайзия астанасында ерекше дәмхана ашылды

Малайзия астанасында ерекше дәмхана ашылды. Мұндағы қонақтар өздерін шағын зообақта жүргендей сезіне алады.

Келушілер жылан, кесіртке, игуана сынды қоректілерді бақылап отырып, ас ішеді. Жорғалағыштарды ұстап көруге де болады. Дәмхана қожайыны оларды көп жыл бойы жалғыз өзі жинап, өсіргенін айтады.

Алетея Ли, Куала-Лумпур тұрғыны:

- Мені жылан мен игуана сияқты жорғалағыштар қызықтырушы еді.Бірақ оларды ешқашан қолыма ұстап көрмеппін. Керемет әсер алдым. Зоопаркке тап болғадаймын.

Ал Үндістанның Индор қаласының бір тұрғыны иттерге арналған дәмхана ашты. Оған мұндай идея коронавирус пандемиясы кезінде келген. Індеттен адамдардың төртаяқты достарын тамақтандыра алмай қиналғанын көрген азамат осындай қоғамдық тамақтану орнын ашуды ұйғарған екен.