Мексикада сайлау жүйесін реформалауға қарсы шеру өтті

Мексикада да билікке қарсы жүздеген мың адам қатысқан шеру өтті.

Бұл елде жұрт биліктің сайлау жүйесін реформалауға қарсылық танытып жатыр. Шеруге биліктің тәуелсіз Ұлттық сайлау институтын қайта құрылымдау туралы шешімі себеп. Үкімет осымен қатар 300 округтің сайлау комиссиясын қысқартуға ниетті. Президент шара елге 190 миллион даллар қаржы үнемдеуге мүмкіндік беретіні айтады. Алайда оппозиция мемлекет басшысының бұл қадамы келесі жылға бегіленген жалпұлттық сайлаудың әділ өтуіне кедергі болады деп отыр.