Оңтүстік Кореяда телефон алаяқтарын анықтаудың тың технологиясы пайда болды
Оңтүстік Кореяда телефон алаяқтарын анықтаудың тың технологиясы пайда болды.
Адамның дауысын танып, қылмыскерді анықтай алады. Алгоритмды әзірлеу өткен жылы басталды. Осы уақытқа дейін Ресей мен Ұлыбританияда жасалған ұқсас модельдер қолданылған. Алайда, олардың көмегімен корей тілінде сөйлейтін алаяқтарды табу оңай болған жоқ. Эксперимент көрсеткендей, қолданыстағы шетелдік дауыс үлгілері 100 алаяқтың 28-ін тани алды, ал корейлік технология 51 қылмыскерді анықтады. Ноу-хаудың ерекшелігі - ол бір қылмыскердің дауысын ғана емес, оның сыбайластар әрекетінің алгоритмін біледі. Өйткені, алаяқтар негізінен топ болып жұмыс істейді, олардың арасында тергеуші немесе прокурор рөлін ойнайтын адамдар бар. Бұл модель ең жаңа технологияларды, соның ішінде жасанды интеллектті қолдану арқылы жасалған. Ол үшін корей және шет тілдеріндегі миллионнан астам дауыстық деректер талданды. Биыл полиция бұл модельді тергеу және мамандарды оқытуда қолдануды көздеп отыр. Ресми деректерге сәйкес, Кореяда соңғы 5 жылда телефон алаяқтынан 156 мыңнан астам адам зардап шеккен. Қылмыскерлердің әрекетінен келген шығын 2 млрд 263 млн доллардан асты.
Чоль Ким, Корея Мемлекеттік басқару және қауіпсіздік министрлігі деректерді талдау орталығының басшысы:
- Алаяқтар топ болып жұмыс істейді. Оған көп адам қатысады. Егер дауысты талдау технология қылмыскерлердің бірін анықтаса, онда біз алаяқтықтың сыбайластарын таба аламыз. Бұл полицияның жұмысын біршама жеңілдетеді. Қылымс санының азайуына септігін тигізеді.