ЕО мен Ұлыбритания Солтүстік Ирландияға қатысты уағдаластыққа қол жеткізді

ЕуроОдақ пен Ұлыбритания Солтүстік Ирландияға қатысты дауға айналған сауда келісімі бойынша уағдаластыққа қол жеткізді.

Енді Британия құрамындағы Солтүстік Ирландия мен ЕуроОдаққа қарасты Ирландия Респубикасының арасындағы тауар тасымалы кедендік тексерістен өтпейді. Бұл жеңілдік Солтүстік Ирландия үшін қарастырылған. Ал Ирландия Республикасының тарапына өткенде, керісінше тексеріс жасалады. Осы бағыттар бойынша туындайтын дауларды Еуропалық сот қарайтын болып келісілді. Аталған келісім Британия парламентінің мақұлдауына жіберілді.

Урсула Фон Дер Ляйен, Еурокомиссия президенті:

- Жаңа келісім үлкен мүмкіндіктерге жол ашады. Мұның игілігін Солтүстік Ирландияның азаматтары мен бизнесмендері көреді. Осылайша ұзақ уақыт дауға айналған түйткілдер өз шешімін тапқалы тұр.