loader


Иракта егіс алқаптары қурап жатыр

Иракты қуаншылық қыспаққа алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елдің оңтүстігінде егістер мен жайылымдар қурап қалды. Соның салдарынан диқандар мен шаруалар шығынға батты. Жем болмағандықтан олар малын сатуға мәжбүр. Ал көтерем мал көп ақша әкеле қоймайды. Ұзақ уақыт жаңбыр жаумай, Тигр мен Евфрат өзендері тартылып қалды. Сондай-ақ көрші Түркия мен Иранннан да келетін су мөлшері күрт азайған. Сарапшылардың айтуынша, мұның бәрі ауа райының өзгеруінен болып отыр. 

Сондай-ақ...