Нью-Йоркте ірі сауда орталығы өртенді

Нью-Йорк қаласында ірі сауда орталығы өртенді.

От электрвелосипед аккумуляторының жануынан тұтанған. Жалынмен 200-ден аса өрт сөндіруші күресіп әрең өшірді. 7 қызметкер жапа шекті. Билік қалада соңғы уақытта мұндай оқиғалар жиілегенін айтады. Мамандар бұған велосипедті ұзақ уақыт қуаттау себеп дейді.