Жапонияда қайтадан құс тұмауы тіркелді

Жапонияда қайтадан құс тұмауы тіркелді

Жапонияның Ниигата префектурасында тағы құс тұмауы шығып, аймақтағы барлық тауық жойылуы мүмкін.

Індет өңірдегі бір құс фабрикасынан анықталған. Бірақ ол аса патогенді болса префектурадағы бүкіл 700 мыңға жуық тауықты қыру туралы шешім қабылданбақ. Ниигата префектурасында соңғы бірнеше айдың ішінде құс тұмауы қайта-қайта өршіп, 1 миллион 500 мыңнан аса тауықтың көзі жойылған.