Әлемде азық-түлік арзандады

Әлемде азық-түлік осымен 11-ші ай қатарынан арзандап келеді. БҰҰ-ның өкілдері осылай деп отыр.

Айтуларынша, Украинадағы шиеленіске байланысты былтыр наурызда бағалар шарықтап кеткен. Алайда қазір олардың біртіндеп төмендей бастады. Бұған «астық келісімінің» де әсері болуы мүмкін. Өткен жылдың шілдесінде Киев пен Мәскеу Украина кемежайларында жиналып, қалған астықты өзге елдерге қауіпсіз дәліз арқылы тасымалдауға уағдаласқан. 4 айға бекітілген келісім былтыр 1 рет ұзартылған. Енді оның мерзімі 18 наурызда аяқталуға тиіс. БҰҰ-ның өкілдері келісімді тағы да созуға шақырып отыр. Соның арқасында әлемде азық-түлік бағасы арзандап, 100 млн-нан аса адам аштықтан аман қалған.