Жапонияда жеуге жарамсыз күріштен пластик жасалады

2011 жылы Фукусима атом электр станциясындағы апаттан кейін өңірде радиация деңгейі жоғары болған. Араға 12 жыл салып, маңайдағы жер телімдеріне қайтадан күріш егіле бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ мамандар оны жеуге болмайтынын айтады. Сондықтан одан пластик жасалады. Апаттан кейін таяудағы елді мекен тұрғындарының көбі өзге өңірлерге көшіп кеткен. Мына бастаманың арқасында аймақта жаңа жұмыс орындары пайда болып, қайтадан тіршілік жандануға тиіс. Оның үстіне күріш өсіру төңіректің экологиялық ахуалының жақсаруына да септігін тигізу керек.