Түркия, Финляндия және Швеция елдері келіссөз өткізді

Түркия, Финляндия және Швеция Брюссельдегі НАТО-ның штаб-пәтерінде үшжақты келіссөз өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тараптар ынтымақтастықты жалғастырып, альянстың шілде айындағы саммитіне дейін тағы бір рет бас қосуға уағдаласты.

Еске сала кетейік, Венгрия мен Түркия Стокгольм мен Хельсинкидің НАТО-ға мүше болуына келісімін әлі берген жоқ. Бұл процестің аяқталуы үшін Одаққа мүше елдердің барлығы қолдауы тиіс. Швеция билігі Түркияның қауіпсізідік мәселелеріне қатысты барлық талаптарын орындағанын жеткізді. Жуық арада билік парламентке лаңкестікпен күрес бойынша жаңа заң жобасын ұсынбақ.