Нигерияда автобус пен пойыз соқтығысты

Нигерияның Лагос қаласында автобус пен пойыз соғысып, 6 адам қаза болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы 10 шақты жолаушы жарақат алды. Апат автобус жүргізушісінің кінәсінен болған. Ол бағдаршамның қызыл түсіне қарамастан пойыз жолынан өтіп кетпек болып тұрып қалған. Осы сәтте жүйіткіген пойыз оны келіп қаққан.