АҚШ-та теміржол апаты жиіледі

АҚШ-та теміржол апаты жиіледі

АҚШ-та тағы да теміржол апаты.

Бұл жолы Алабама штатында пойыз рельстен шығып кетті. Вагондарда химиялық заттар болған. Бірақ мамандар бұл жағдай экологияға кері әсер етпегенін айтады. Бірақ маңайдағы электр тарату желілері үзіліп, тұрғындар жарықсыз қалған. Өткен айдан бері АҚШ-та осыған ұқсас бірнеше оқиға тіркелді. Солардың ішіндегі ең ірісі Огайо штатында болды. Мұнда химикаттар тиелген ондаған вагон рельстен шығып кетіп, қауіпті заттар төңірекке төгілген. Осыдан кейін жақын маңай тұрғындары денсаулығына қатысты жиі шағымдана бастаған.