Украинада эритроциттерді ұзақ сақтаудың алғашқы банкі құрылды

Украинада эритроциттерді ұзақ сақтаудың алғашқы банкі құрылды. Жағымды жаңалықты ел медицинасы көптен бері күткен еді.

Өйткені бұған дейін адам қанындағы қызыл түйіршектерді сақтау 42 тәулікке ғана жететін.

Эритроциттер - өкпеміздегі оттегін денемізге тасымалдайтын қандағы ең құнды компоненттер, яғни ағзамыздағы қанның қызыл жасушасы. Бұрын-соңды Украина медицинасы эритроциттерді екі тәулікке де  жеткізе алмай, сақтауға мүмкіндігі болмаған. Енді міне, Киев қалалық қан орталығының негізінде алғаш рет эритроциттер банкы құрылып, жұмысын бастап кетті.

Қандағы қызыл түйіршектердің толық циклін қамтамасыз ететін құралғы шетелден жетті. Бұл техникалар - эритроциттерді ұзақ сақтап қана қоймай- мұздату, сұраныс бойынша еріту, ауруханаға жіберер алдында сапаны бақылау сияқты бірқатар маңызды процесстерді жүзеге асыра алады.

Игорь Скляр, эритроциттер банкінің қызметкері, дәрігер:

- Бұл Украинаның мемлекеттік денсаулық сақтау мекемесіндегі алғашқы осындай көп күткен техника түрлері. Біз, ең алдымен, сирек кездесетін қан түрлерін сақтайтын боламыз. Әрине, мұндай банк, әсіресе, төтенше жағдайда көмекке келетін, мыңдаған адам өмірін сақтап қалуда мол мүмкіндік беретін құнды дүние.

Эритроциттер банкте 80 градус нөлден төмен температурада сақталады. Украинаның бас санитарлық дәрігері Игорь Кузиннің мәліметі бойынша алғашқы банктың бөлімшелері Киевте, одан соң басқа да өңірлерде ашылуы тиіс. Өйткені ел-жердегі донарлар белсенді түрде қан тапсырғанымен, оны сақтау қиындық туғызып отыр.  

Игорь Кузин, Украинаның бас санитарлық дәрігері:

- Биобанк ашылды, іс осымен бітті деген сөз емес, керісінше бізді қыруар жұмыс күтіп тұр. Біз заманауи техникамен жұмыс істей алатын мамандар тобын оқытып шығуымыз керек. Бұл бағытта іс қимыл басталды.

Атап өту керек, Украина үкіметі медициналық реформаның екінші кезеңін бастауға кірісті. Бағдарлама -  қала мен ауылдағы көне медициналық техникаларды жаңа үлгіге алмастырып, заманауй инновациямен жұмыс істей алатын мамандар тобын қалыптастыруды көздейді.

Авторы: Аида Қыдырбай