Биылғы «Оскар» жүлдесі «қызыл кілеммен жүру» рәсімінсіз өтеді

«Оскар» жүлделерін марапаттау рәсімі қызыл жолақсыз өтетін болды.

Бұл жолы осы шара бұрынғыдай ашық кеңістікте емес, жабық бөлмеде өтетін болды. Осылай ұйымдастырушылар қонақтар мен тілшілерді ауа райының қырсығынан сақтап қалмақ. Ал жолақ құм түсті немесе шампан түсті болады. Дегенмен, қызыл жолақпен өту деген атауы қалады. Еске салып кетейік, Оскардағы қызыл жолақ осыдан 62 жыл бұрын пайда болды. Сол кезде бұл шараны алғаш рет теледидардан көрсеткен еді. Оскар жүлделерін марапаттаудың 95-рәсімі 12 наурызда Лос-Анджелесте өтеді.