Бельгияда TikTok-ты пайдалануға тыйым салынды
Бельгия билігі үкіметтік телефондарда Тик-Ток пайдалануға уақытша тыйым салды.
Алты айлық шектеу киберқауіпсіздік пен мәліметтердің құпия сақталуына төнген қатерге байланысты қабылданып отыр. ТикТок өз тұтынушылары жайында көп мөлшерде дерек жинайтын көрінеді. Алайда мемлекеттік қызметкерлер қосымшаны жеке телефондарына орната алады. Оған рұқсат бар. Осы уақытқа дейін АҚШ пен Канада билігі және Еурокомиссия Тик-токке осындай тыйым салған болатын.