Қытай топтық туризмді жандандырады

Қытай Қазақстанға және басқа мемлекеттерге топтық туризмді жандандырады.

Бұл туралы көршілес елдің Мәдениет және туризм министрлігі мәлімдеді. Әуе билеттері мен қонақ үйлерді брондау қызметі 15 наурызда ашылуға тиіс. Аталған тізімге бізден бөлек Өзбекстан, Грузия, Әзербайжан, Моңғолия, Армения, Иран, Иордания, Франция, Грекия, Испания және өзге де мемлекеттер кірген. Қытайдағы топтық туризм пандемияға байланысты 2020 жылы уақытша тоқтатылды.